1. Көлік инфрақұрылымын перспективті дамыту бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін, D-О-4 санаты (1 бірлік).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы, құқық немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Құқық немесетехникалық ғылымдар мен технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қызметтік міндеттері: Өз құзыретінің шегінде жоба-сметалық құжаттаманы аралық тексерістен өткізеді және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуге береді. Түрлі белгілеудің нысандарының жобалары мен құрылысының келісімшарттарын орындалуын бақылайды. Көлік инфрақұрылымын жобалау бойынша тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру мен өткізуге арналған құжаттар пакетін дайындайды. Түрлі белгілеудегі нысандарды жобалау, салу, күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу конкурсының жүлдегер-ұйымдарымен жасалатын келісімшарттарды дайындау бойынша жұмыстар атқарады. Өз құзыретінің шегінде мердігер ұйымдар ұсынған сметалық құжаттаманы тексеруді іске асырады және оны конкурс өткізушілермен келіседі.
Азаматтар мен ұйымдардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарастырады және оларға жауап дайындайды, қажеттілік туындаған жағдайда аталған орынға барады. Компьютерлік сауаттылық.
2. Бағыт желісін ұйымдастыру және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін, D-О-4 санаты (1 бірлік).
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары,құқық немесетехникалық ғылымдар мен технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Құқық немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қызметтік міндеттері: Жолаушылар мен багажды тасымалдау бағдарламасын, жолаушылар көлігін дамытудың және жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі жобалардың кешенді сызбасын әзірлейді. Келісімшарттық міндеттемелердің барысын үйлестіру, өткізген келісімшарттық міндеттемелерді орындау тексерісінің мәліметтері бойынша тасымалдаушыларға ақпарат пен хабарлама әзірлейді және жолдайды. Жол қозғалысының автоматтандырылған басқару жүйесі нысандарын дамыту, қамтамасыз ету, салу, қайта жаңғырту, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, соның ішінде төтенше жағдайлардың пайда болу бойынша шараларды іске асыру. Аялдама нүктелерін, диспетчерлік нүктелерді, автобекеттерді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Әуежайдың, темір жол вокзалының қызметін үйлестіреді. Әкімдіктің іс-шараларын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді, Әкімшілік полиция басқармасымен, Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен өзара қызметтеседі. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру. Автовокзалдар мен автобекеттердің тізілімін жүргізу. Құзыретінің шегінде көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудың кестесін келісу. Халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру және ұзарту. Келіп-түскен хат-хабарлардың орындалу мерзімдерін қатаң түрде негізге ала отырып, қарастыруға жауапты болу, құжаттарды мұрағатқа өткізуге дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос мемлкеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі). Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4-тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің интернет-ресурсында www.anticorruption.gov.kz және Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайтында upt-almaty.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 539 бөлме, жұмыс телефоны 264-13-32, 2621409.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
D-О-4 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Анықтама үшін телефондар: 264-13-32, 2421409
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайты upt-almaty.kz




