«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жөніндегі Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қоса берілген Ережесі бекітілсін.
2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін, одан кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын.
3. Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Алматы қаласы Автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы
15 желтоқсандағы № 4/661 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1244 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 каңтарда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған);
2) «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 2/117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 1279 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек
Енгізуші:
Алматы қаласы
Автомобиль жолдары
басқармасының басшысы М. Исахов
|
Келісілді: Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы |
Р. Тауфиков
М. Сембеков |
|
Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы |
Ж. Мұхамеджанов |
Алматы қаласы
Жолаушылар көлігі
басқармасы басшысының
міндетін атқарушы Е. Әділов




