Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 55 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларғатеңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтікқорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 200 тармағына сәйкес және халықтың едәуір
осал топтарын қорғау мақсатында, V сайланған Алматы қаласының
мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Электрондық жол жүру карталарға сәйкес қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының 50% көлемінде жеңілдетілген жол жүру мүмкіндігі берілсін:

1)  15 жастан асқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына;

2)   күндізгі оқу нысанындағы техникалық және кәсіби білім беру орындарының білім алушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне;

3)   жасына байланысты зейнеткерлерге.

  1. Электрондық жол жүру карталарға сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және 75 жастан асқан тұлғаларға қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру мүмкіндігі берілсін.
  2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге арналған жеңілдетілген электрондық жол жүру карталарының түрлері және құны бекітілсін.
  3. Алматы қаласының әкімдігі тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар маршруттарға қызмет көрсетуді іске асырумен байланысты залалдарын өтеуді қарастырсын.
  4. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

1)      IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалыққоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18каңтардағы № 395 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 882 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешімі;

2)      V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXIII сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалыққоғамдықкөліктерінде (таксиден баска) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 каңтардағы № 395 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 198 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1019 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 каңтарда «Алматы ақшамы» № 9 және «Вечерний Алматы» № 9-10 газеттерінде жарияланған) шешімі.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.

7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қазанынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

 

 

V сайланған

Алматы қаласы мәслихаты

ХLІІІ сессиясының төрағасы                                  М. Әділханов

 

 

V сайланған

Алматы қаласы мәслихатының

хатшысы                                                 Қ. Қазанбаев

 

Келісілді:

Алматы қаласы әкімінің

орынбасары                                                                       Ю. Ильин

 

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы                                                             М. Қиқымов

 

Алматы қаласы Жолаушы көлігі басқармасы

басшысының міндетін атқарушы                                        Е. Әділов

 

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы                                                   Е. Әлиқұлов

 

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі

басқармасы басшысының

міндетін атқарушы                                                              Балғымбаев

 

Алматы қаласы Білім

басқармасының басшысы                                                    Р. Шимашева

 

Алматы қаласы Қаржы басқармасының

басшысы                                                                            А. Әбдіқадырова

 

Алматы қаласы әкімі

аппараты заң

бөлімінің басшысы                                                              А. Қасымова