Құқық және ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 92891 теңгеден 114032 теңгеге дейін, D-О-3 санаты, 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Құқық саласындағы жоғарғы білімі. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы.
Қызметтік міндеттері: Бөлімнің қызметтеріне жалпы басшылық етуді қамтамасыз ету; Басқарманы ақпараттық - заңдық жағынан қамтамасыз ету; заңдық құжаттарға сараптама жүргізу; сот пен соталды талқылауларға қатысу; заңды тұлғалар мен азаматтардан түскен хаттармен, шағымдармен жұмыс істеу және қатысу; заңдық мәселелер бойынша прокуратура органдарымен, ҰҚКД-мен, Жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес бойынша департаментпен, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сатып алулар мен Қаржылық бақылау басқармасымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу бойынша, қала маңы және қалалық қалааралық облысаралық жолаушыларды және жүкті тұрақты тасымалдау құқығын беретін байқау комиссиясы жұмысына қатысу; жұмыс, қызмет, тауарды мемлекеттік сатып алу шартын жасау; құқықтық шығармашылық лауазымы, жемқорлық бойынша есеп тапсыру; Басқарма қызметкерлерінің лауазым тиімділігін бағалауды жүргізу; мемлекеттік сатып алу веб - порталында жұмыс істеу; тауар, жұмыс және қызметті мемлекеттік сатып алуға байқау өткізудің тәртібі мен белгілі шарттарын анықтау үшін байқау құжаттарын жасау; Ведомстволық КМК-лардың заң бөлімдерімен қызмет атқарады, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе жазалау туралы ұсыныс дайындайды, бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылыққа апарады. Басқарманың функциялары мен міндеттеріне қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды және қарайды. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалық жұмыстарға, қатысады, жолаушылар көлігі саласындағы кадрларды оқыту, дайындау және біліктілігін көтеру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен Жергілікті мемлекеттік органдарға жатқызылатын басқа да құзыреттілігін іске асырады, жолаушылар көлігі қызметімен байланысты нормативті-құқықтық актілерді талдауды ұйымдастыруға қатысады. Келіп түскен хат-хабарламаларды қарау, орындау мерзімі үшін жауапты.
Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы талаптар:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлкеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі). Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4-тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің интернет-ресурсында www.anticorruption.gov.kz және Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайтында upt-almaty.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 539 бөлме, жұмыс телефоны 390-07-47, 262-14-09.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
D-О-3 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Анықтама үшін телефондар: 390-07-47, 242-14-09
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайты upt-almaty.kz




