Алматы қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Экономика және қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64063  теңгеден 86485 теңгеге дейін, D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білімі рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері: Басқарма қызметінің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық есептілігін ұйымдастыру және жүргізу. Жылдық бюджетті әзірлеуді, қаржылық есептеулерді және жылдық бюджетті анықтау бойынша негіздемелерді дайындауды, бюджеттік бағдарламалардың паспортын дайындауды және шығындар сметаларын жасауды іске асырады. Жылдық бюджетке өзгеріс енгізу қажеттілігі туралы экономикалық негіздемені әзірлейді. Қазынашылық органына төлем шоттарын ұсынылған тауарларды (жұмыстар мен қызметтер) төлеу үшін ұсынады. Қаржы басқармасына қаржыландыру жоспарын орындау бойынша айлық есеп, кредиторлық және дебиторлық борыш туралы есеп беру. Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарды инвентаризациялау.  Кіріс құжаттарды қарайды және құжаттарды уақытылы, сапалы орындауды бақылайды. Басқарма басшылығы анықтайтын өзге де құзыреттер. Келіп түскен хат-хабарламаларды қарау, орындау мерзімі үшін жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын,  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.

     Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі). Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдары бетінде («Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы» газеттері), сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайтында                          upt-almaty.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 247  бөлме, жұмыс телефоны 2643010, 2621409.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қаматамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

    «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-О-4 санаты үшін тестілеу бағдарламасы: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ)  Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

 

Анықтама үшін телефондар: 2643010, 2421409

 

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайты upt-almaty.kz