Жолаушыларды мен багажды қалааралық облысаралық бағыттарда автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау қызметінің құқығы үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру
  1. «Алматы  қаласы Жолаушылар  көлігі  Басқармасы» КММ  2014 жылғы 5 желтоқсанда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында жолаушыларды мен багажды  қалааралық облысаралық  бағыттарда  автомобиль  көлігімен  тұрақты тасымалдау қызметінің  құқығы үшін  конкурс  өткізетіндігі  туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа келесі бағыт  лоттары  қойылады.

Маршрут атауы

Шығу саны

Бастапқы нүктеден жіберілетін уақыты

Соңғы нүктеден жіберілетін уақыты

1.

Алматы қ. – Қаратау қ. (Жамбыл облысы)

1

19.00 сағат

19.00 сағат

2.

Алматы қ. – Жаңатас қ.

(Жамбыл облысы)

1

19.00 сағат

19.00 сағат

Конкурсқа меншік формасына қарамастан меншігінде немесе басқа да заңды иеленушілігінде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

3. Конкурсқа қатысқысы келетіндер «Алматы  қаласы Жолаушылар  көлігі Басқармасы» КММ-не  конкурстық құжаттардың  жиынтығын алуға  жазбаша өтінімін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, № 247 бөлме мекенжайына  беруі  керек.

4. Конкурстық құжаттардың құны  10 минималды  есеп көрсеткішін құрайды.

5. Конкурстық құжаттарды  алуға өтінімдері  қабылдаудың  соңғы мерзімі:  2014 жылдың 20 қарашасының  18:00 сағатына дейін.

6. 2014 жылдың 6 қарашасында  конкурстық  Комиссия  конкурсты өткізу  мәселесі  бойынша  конкурс алды  конференциясын өткізеді.

7.  Анықтама телефоны: 390-07-44.