Жолаушылар мен багажды қала маңында автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау қызметінің құқығы үшін конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
  1. «Алматы  қаласы Жолаушылар  көлігі  Басқармасы» КММ  2014 жылғы 5 желтоқсанда сағат 15:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында  жолаушыларды  және багажды  қалалық  бағытта  автомобиль  көлігімен  тұрақты тасымалдау қызметінің  құқығы үшін  конкурс  өткізетіндігі  туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа келесі бағыт  лоттары  қойылады.

 

Маршрут нөмірі

Маршрут атауы

Қажетті жылжымалы құрам

Шығу саны

Автобус типі

1.

142

Алматы қаласы – Саяхат автовокзалы – Талғар қаласы

20

Сыйымдылығы орташа қалалық автобустар, кемінде екі есігі бар

2.

143

Алматы қаласы – Сайран автовокзалы – Бәйсерке кенті

12

Сыйымдылығы орташа қалалық автобустар, кемінде екі есігі бар

3.

144

Алматы қаласы – Алматы-1 темір жол вокзалы – Әли кенті

18

Сыйымдылығы орташа қалалық автобустар, кемінде екі есігі бар

 

Конкурсқа меншік формасына қарамастан меншігінде немесе басқа да заңды иеленушілігінде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

3. Конкурсқа қатысқысы келетіндер «Алматы  қаласы Жолаушылар  көлігі Басқармасы» КММ-не  конкурстық құжаттардың  жиынтығын алуға  жазбаша өтінімін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, № 247 бөлме мекенжайына  беруі  керек.

4. Конкурстық құжаттардың құны  10 минималды  есеп көрсеткішін құрайды.

5. Конкурстық құжаттарды  алуға өтінімдері  қабылдаудың  соңғы мерзімі:  2014 жылғы 20 қараша, сағ. 18:00-ге дейін.

6. 2014 жылғы 6 қарашада конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселесі  бойынша  конкурс алды  конференциясын өткізеді.

7.  Анықтама телефоны: 390-07-44.