Жолаушыларды және жүкті қалалық бағыттарда автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау қызметінің құқығы үшін конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

1. «Алматы  қаласы Жолаушылар  көлігі  Басқармасы» КММ  2013 жылдың  11 ақпанда   Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайында  жолаушыларды  және жүкті  қалалық бағыттарда  автомобиль  көлігімен  тұрақты тасымалдау қызметінің  құқығы үшін  конкурс  өткізетіндігі  туралы хабарлайды.

 

2. Конкурсқа келесі бағыт  лоттары  қойылады.

р/н

Бағыттың аталуы

 

Талап етілетін  жылжымалы құрам

Уақыты

Саны

Автобустардың  типі

1

Алматы қ. – Жезқазған қ.

23:00

сағат

1

ІІ-ІІІ класты Үлкен  сыйымдылықтағы  екі есіктен кем емес  қалалық автобустар

2

Алматы қ. – Б. Момышұлы к.

(Жамбыл облысы)

12:50

сағат

1

ІІ-ІІІ класты Үлкен  сыйымдылықтағы  екі есіктен кем емес  қалалық автобустар

3

Алматы қ. – Астана қ.

14:00

сағат

1

ІІ-ІІІ класты Үлкен  сыйымдылықтағы  екі есіктен кем емес  қалалық автобустар

4

Алматы қ. – Астана қ.

22:30

сағат

1

ІІ-ІІІ класты Үлкен  сыйымдылықтағы  екі есіктен кем емес  қалалық автобустар

5

Алматы қ. – Павлодар қ.

18:00

сағат

1

ІІ-ІІІ класты Үлкен  сыйымдылықтағы  екі есіктен кем емес  қалалық автобустар

Конкурсқа меншік құқығында немесе  басқа да  заң негізіндегі  автокөлік құралдары бар,  жеке меншігінің  формасына  кез-келген  жеке және  заңды тұлғалар қатысуға  құқылы.

3. Конкурсқа қатысқысы келетіндер «Алматы  қаласы Жолаушылар  көлігі Басқармасы» КММ-не  конкурстық құжаттардың  жиынтығын алуға  жазбаша өтінімін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, № 354 бөлме мекенжайына  беруі  керек.

4. Конкурстық құжаттардың құны  10 минималды  есеп көрсеткішін құрайды.

5. Конкурстық құжаттарды  алуға өтінімдері  қабылдаудың  соңғы мерзімі:  2013 жылдың 25 қаңтар 18:00 сағатына дейін.

6. 2013 жылдың 15 қаңтар  конкурстық  Комиссия  конкурсты өткізу  мәселесі  бойынша  конкурс алды  конференциясын өткізеді.

7.  Анықтама телефоны: 390-07-44.