«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастады.
Өтемақы төлемі бюджет қаражаты және Банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Өтемақы төлеу ТҚЖ шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
инструкция
жаднама
ТҚЖ шартының Қосымша келісімдерін жасау электронды санды қолтаңба арқылы қол қоюы жолымен жүргізіледі:
1. электронды үкіметтің www.egov.kzинтернет порталында;
2. Банктің интернет ресурсындаwww.hcsbk.kz.
Барлық қажетті құжаттармен Банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында таныса аласыздар. Сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Байланыс орталығына және Қызмет көрсету орталығындағы Банк Кеңесшілеріне хабарласуға болады.




