Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
D -О-3 |
1 09 932 |
148 2 42 |
«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефондар: 264-13-32, 262-14-09 e-mail: [email protected], басқарманың мемлекттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Құқық және ұйымдастырушылықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (D-О-3 санаты), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Бөлімнің қызметтеріне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді; Басқарманы ақпараттық - заңдық жағынан қамтамасыз ету; заңдық құжаттарға сараптама жүргізу; сот пен соталды талқылауларға қатысу; заңды тұлғалар мен азаматтардан түскен хаттармен, шағымдармен жұмыс істеу және қатысу; заңдық мәселелер бойынша прокуратура органдарымен, ҰҚКД-мен, Жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес бойынша департаментпен, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сатып алулар мен Қаржылық бақылау басқармасымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізу; мемлекеттік сатып алу бойынша, қала маңы және қалалық қалааралық облысаралық жолаушыларды және жүкті тұрақты тасымалдау құқығын беретін байқау комиссиясы жұмысына қатысу; жұмыс, қызмет, тауарды мемлекеттік сатып алу шартын жасау; құқықтық шығармашылық лауазымы, жемқорлық бойынша есеп тапсыру; Басқарма қызметкерлерінің лауазым тиімділігін бағалауды жүргізу; мемлекеттік сатып алу веб - порталында жұмыс істеу; тауар, жұмыс және қызметті мемлекеттік сатып алуға байқау өткізудің тәртібі мен белгілі шарттарын анықтау үшін байқау құжаттарын жасау; Ведомстволық КМК-лардың заң бөлімдерімен қызмет атқарады, бөлім қызметкерлерін мадақтау немесе жазалау туралы ұсыныс дайындайды, бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылыққа апарады. Басқарманың функциялары мен міндеттеріне қатысты құжаттарды әзірлеуге қатысады, Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды және қарайды. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалық жұмыстарға, қатысады, жолаушылар көлігі саласындағы кадрларды оқыту, дайындау және біліктілігін көтеру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен Жергілікті мемлекеттік органдарға жатқызылатын басқа да құзыретілігін іске асырады, жолаушылар көлігі қызметімен байланысты нормативті-құқықтық актілерді талдауды ұйымдастыруға қатысады. Келіп түскен хат-хабарламаларды қарау, орындау мерзімі үшін жауапты.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитакалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 5 қабат, 539 кабинет) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы 05 наурыздан 14 наурыз аралықта жүргізіледі.




