Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазым орнына конкурс өткізу туралы хабарлама

«Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 84/54, тел. 271-82-21 мекенжайында орналасқан Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды.

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын қызметінің пәні мен мақсаты метрополитен салу, техникалық қадағалау, пайдалану (күтіп ұстау, дамыту) ұйымдастыру, сондай-ақ Алматы қаласы метрополитенінде жолаушылар мен багажды тасымалдау болып табылады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімнің болуы;

- кәсіпорынның профиліне сәйкес келетін экономика саласында басқарушылық лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысы туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе соңғы жұмыс орнынан қабылданғаны туралы және еңбек шартын бұзғаны туралы бұйрықтың үзінді көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Конкурс қатысушысы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындығының деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктігін арттыру туралы, ғылыми дәрежесі мен атағын беру құжаттарының, ғылыми жарияланымдарының көшірмелерін,сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың мінездемесі және т.б. ) ұсына алады.

Көрсетілген құжаттар конкурс туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Алматы қаласы, Республика алаңы 4, 542 каб., ақпараттар телефоны: 271-67-13 мекенжайы бойынша  берілуі тиіс.