Таубай Бактыгали: Транспорт

Тұздыбастау ауылы жыл сайын таза ықшам аудандармен толысуда. Қалаға жақын орналасқандықтан ел көп қоныстануда. Қазіргі кезде ауыл маңында 10 ықшам ауданымыз орналасқан. Әр ықшам ауданда 150-200 үй бар. Көпшілік ықшам аудандарымызға автобус кірмегендіктен не ауыл орталығымен не қаламен байланыс қиындыққа соқтыруда. Талғар трассасына немесе орталық көшеге жету үшін 3- 5 шақырым жер жаяу жүру қажет. Ауылға кіріп Шығыс ықшам ауданына баратын жалғыз № 54 автобусқа адамдар таңертең кешкі уақытта сыймай қалады. Және де жалғыз маршрут болған соң олар ойларына келгенін істеп аралық интервалды сақтамайды. Кейде 40-50 минут күтуге тура келеді. Сондықтан да №23 бұрынғы №339 маршрутын осы біздің ауылға дейін ұзартса екен дейміз. Ауылдағы тұрғындар саны 20 мыңнан асып кетті. Бұрын бір мектеп болса қазір екі мектеп. Соның өзіне балалар сыймай кейбірі Бесағашта кейбірі қалада оқиды. Самал, Жайлау, Белағаш, Айсұлу, ықшам аудандарынан мектепке дейін 3-4 шақырым жер. Автобус жүрмейді. Көліктері жоқ балалар жаяу жалпы қиналып жүр.Тұрғындар орталыққа ,әкімдікке, ауруханаға бару үшін де біраз жер жаяу жүреді. Әсіресе қыста қиын. Балалар біздің болашағымыз дейміз, бірақ солардың жағдайын ойлауды ұмытып кетеміз.
Елбасымыз айтқандай қала ішіне ғана емес осында сыртқы жерлерге де көңіл бөлу қажет.
Сондықтан №23 автобусты біздің төменде көрсеткен сызбамыз бойынша жургізіп берулеріңізді сүраймыз.Ал №54 автобус маршрутын Толе би көшесіне қарай шығарса көптеген оқу орындары мен мекемелерге адамдар бір автобуспен жетіп алар еді. Және де айтылмай қалған Жерұйық ықшам ауданынан іргемізге жақын орналасқан Әуежайға, 1 Алматы темір жол вокзалына , Жетісу әмбебап базарына қарай маршрут жіберсе нұр үстіне нұр болушы еді. 

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқарамасы Сіздің өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлайды Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушылар тасымалдарының сапасын көтеру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі 2016 жылдың ІІ жартыжылдығында маршрут желісін кезеңмен оңтайландыру және магистралдық көшелердің бойымен арнайы жолақ орналастыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, Достық даңғылымен жоғары Қажымұхан  көшесіне дейін маршрут жүргізу мәселесі аталған жобаның шегінде қарастырылатын болады.