Бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы«Бюджет кодексінің»32 бабына, 2015 жылғы 10 желтоқсандағы Алматы қаласы мәслихатының V шақырылымының XLVII сессиясының «Алматы қаласының 2016-2018 жылға арналған бюджеті туралы» № 395 шешіміне сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының 001 «Жергілікті деңгейде жолаушылар көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасыосы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының 004 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының 009 «Метрополитендегі жолаушылар тасымалын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

4. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының 011 «Жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасы осы бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

5. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының орынбасары Е. М. Әділов осы бұйрықпен бекітілген бюджеттік бағдарламалардың басшысы болып бекітілсін.

6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының басшының орынбасары Е.М. Әділовке жүктелсін.

 

 

Басшы                           Д. Әлімбеков