Жол құрылысы бойынша ақпарат

Қазіргі уақыттта Ақбұлақ, Қарасу, Көк Қайнар, Ұлжан-2, Алғабас шағынаудандарында және №3 коммуналдық автобус паркіне баратын жолының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп және мердігер ұйымдар анықталған.

Ақбұлақ ықшамауданында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұзындығы 11,375 км құрайтын 36 көшенің құрылысы қарастырылған.

Қарасу ықшамауданында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұзындығы 15,272 км құрайтын 49 көшенің құрылысы қарастырылған.

Көк Қайнар ықшамауданында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұзындығы 5,834 км құрайтын 34 көшенің құрылысы қарастырылған.

Ұлжан-2 ықшамауданында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұзындығы 6,229 км км құрайтын 21 көшенің құрылысы қарастырылған.

Алғабас ықшамауданында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ұзындығы 8,586 км км құрайтын 31 көшенің құрылысы қарастырылған.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес №3 коммуналдық автобус паркіне баратын кірме автомобиль жолының ұзындығы 1,572 км құрайды.