Қазақстан - Алматы: Алматыдағы Жеңілрельсті Көлік (ЖРК) Жобасы МЖС 29 / 08 / 2018

Конкурс жариялау туралы хабарландыру

I Тарау: Тапсырыс беруші

I.1) Аты, мекенжайы және байланыс мәліметтері

Алматы қ. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Қазақстан Республикасы атынан)

Мәлімет ретінде: ЖКжАЖБ басшысы Хосчанов Талгат Толеугазинович

Республика алаңы 4

050001 Алматы

Қазақстан

Телефон: +7777 777 72 83, +7 (727) 271 65 76

E-mail: office@almaty-lrt.kz

Интернет мекенжай(лар):

Қосымша ақпарат алынуы мүмкін: жоғарыда көрсетілген байланыс мәліметтеріне сай

Қатысуға өтінімдер келесі мекенжай бойынша жіберілуі тиіс: жоғарыда көрсетілген байланыс мәліметтеріне сай

I.2) Қызметтің негізгі түрі:

Қала темір жолы, трамвай және жылжымалы құрам

II тарау: Шарттың мәні

II.1) Сипаттама

«Алматы қаласында Жеңілрельсті көлік (ЖРК) желісінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруға арналған Мемлекеттік-Жекешелік Серіктестік (МЖС)

II.1.1) Шарттың түрі және жұмыстың орны, жеткізудің немесе орындаудың орны

Алматы ЖРК МЖС арналған инфрақұрылымды, жылжымалы құрамды қызметтерді жобалау, салу, пайдалануға беру, қаржыландыру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету (және тапсырыс берушіге беру).

МЖС шартындағы (Шарт) қызметтердің болжамды көлемі:

Қызметтерге ЖРК жүйесін егжей-тегжейлі жобалау, құрылыс, қаржыландыру,пайдалану және  ЖРК активтеріне қызмет көрсету кіреді.

Алматыда ЖРК-нің  22,7 шақырымдық қос жолда 37 станциясы болады және қаланың бас даңғылдарының бірінде жұмыс істейді.

Ара қатынасудың жоғары жиілігі – жұмыс күндері 4 минут (қарбалас сәтте). ЖРК күніне 76 000 – 112 000 жолаушыларды тасымалдайды деп күтілуде.

Жеке Серіктес Депоны қоса алғанда, ЖРК-нің кешенді жүйесінің егжей-тегжейлі жобалауына және құрылысына жауап береді. Орташа коммерциялық жылдамдық шамамен 22 км/сағ құрайды. Жұмысты басқару шеберханалармен, қозғалысты және кеңселерді басқару орталығымен жабдықталған Депо арқылы жүреді.

Жеке серіктес ЖРК жүйесінің күнделікті жұмысына жауап береді және ЖРК-ні пайдалану мәселелері бойынша МС, Тапсырыс берушімен, өкімет органдарымен, полициямен  байланыста болады.

Жоба тек қана қолжетімділік төлеміне негізделетін болады (№725 Бұйрық емес, жалпы қаржыландыру тұрғысынан). Тасымалдаудан түскен табыстар мемлекеттік серіктес арқылы жиналады. Басқа табыстар (мысалы, жарнамадан, бөлшек саудадан және т.б. түскен табыстар) жеке серіктеске беріледі.

№725 Бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік серіктестен жеке серіктеске жасалынатынтөлемдер үш негізгі бөліктен тұрады:

- Инвестициялық шығындардың өтемақысы;

- Басқаруға төленетін төлем;

- Қолжетімлікке төленетін төлемдер:

- Пайдалану шығындары үшін өтемақы;

- Сапа параметрлері үшін өтемақы.

Жоба бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты «Алматы ЖРК МЖС туралы ақпарат» құжатынан (ары қарай «ақпараттық құжат») табуға болады, оны жобаның сипаттамасына сілтеме бойынша алуға болады.

III Тарау: Қатысу шарттары

III.1)     Негізгі талаптар

Талаптарды орындауға қажетті ақпарат пен ресмилілік:

1) Қатысу үшін өтінім үш данада бірдей мазмұнда және USB– тасымалдаушыда сандық көшірмемен ұсынылуы тиіс.

2) Қатысу үшін өтінімдеӨтінім берушінің сипаттамасы болуы тиіс. Сипаттамаға келесілер енуі тиіс:

— Өтінім берушіні құрайтын компанияның/компаниялардың жалпы сипаттамасы;

— Өтінім берушіні құрайтын компания/компанияларрөлінің сипаттамасы;

—  Егер болған жағдайда, Өтінім беруші өтінімді негіздейтін, әр үшінші тараптың (мысалы, қосалқы мердігердің/ жеткізушінің) сипаттамасы;

— Егер болған жағдайда, Өтінім беруші өтінімді негіздейтін, әр үшінші тараптың рөлінің сипаттамасы.

3) Қатысу үшін өтінімде Өтінім берушінің байланыс тұлғасының телефон нөмірі, электронды поштасының адресі және аты көрсетілуі тиіс.

4) Өтінім беруші өзінің әрекет қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін)және азаматтық әлеуетінің (жеке кәсіпкер үшін) дәлелдемесін ұсынуы тиіс;

5) Өтінім берушіөзінің төлем қабілетті болып табылатындығының және салықтық берешегі жоқтығының дәлелдемелерін ұсынуы тиіс;

6) Өтінім беруші МЖС жобасы бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және/немесе материалдық және/немесе еңбек ресурстары бар екендігінің дәлелдемелерін ұсынуы тиіс.

7) Өтінім берушіөзінің банкроттылық немесе жою процедураларына жатпайтындығының, баланстық құны сәйкес негізгі активтер құнының 10 %-ынан аспайтын оның мүлкі алынбағанының, ал оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағандығының дәлелдемелерін ұсынуы тиіс.

III.2) Өтінім беруші арқылы ұсынылатын біліктілік құжаттарының тізімі

Жеке серіктестің банк шоттарының, меншік құқықтарының болуын растайтын құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері және оның жылжымайтын және жылжымалы мүлкінің құны;

Алдыңғы толық қаржылық жылға қаржылық есептің түпнұсқасы немесе егер әлеуетті жеке серіктес үш жылдан кем әрекет еткен болса, онда мемлекеттік тіркелген кезден бастап. Еншілес компаниялары бар ұйым, негізгі ұйымның қаржылық есебінен басқа, шоғырландырылма қаржылық есеп жасап, ұсынуы тиіс;

Соңғы есеп күніне «Негізгі қаражаттар» бухгалтерлік балансы бабының түсіндіруі;

Соңғы есеп күніне дебиторлық және кредиторлық берешектің түсіндірмесі;

Әлеуетті жеке серіктестің төлем қабілеттілігі және жоюға жатпайтындығы, оның мүлкі тәркіленбегендігі, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмайтындығы, күшіне енген соттың шешіміне байланысты, соңғы 3 жылда жасалған МЖС шарттарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты емес екендігі туралы Кепіл-хат;

Міндетті аудит жүргізілуі тиіс заңды тұлғалар да соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп ұсынуы тиіс;

Жарғының нотариалды расталған көшірмесі;

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

Анықтамаға берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылған, әлеуетті жеке серіктестің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешегі жоқтығы туралы, әлеуетті жеке серіктеске қызмет көрсететін банктің немесе банктің филиалының анықтамасының түпнұсқасы;

Егер әлеуетті жеке серіктес консорциум (жай серіктестік) болып табылса, ол да келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- Конкурсқа бірігіп қатысу туралы келісімнің нотариалды расталған көшірмесі (консорциум келісім);

- Консорциум мүшелірі арасында жасалған, ортақ жауаптылық туралы келісімнің нотариалды расталған көшірмесі; сондай-ақ

- Консорциум өкілі үшін сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі.

Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын әлеуетті жеке серіктестер, сондай құжаттарды немесе әлеуетті жеке серіктестің мәртебесі/біліктілігі туралы ұқсас ақпараты бар құжаттарды ұсынуы тиіс, олардың конкурстық құжаттама тілінде нотариалды расталған аудармасы, сондай-ақ егер халықаралық шартпен басқа көзделмесе, резиденция туралы апостильденген сертификаты болуы керек.

III.3)     Экономикалық және қаржылық мүмкіндіктер

Талаптарды орындауға қажетті қосымша ақпарат пен ресмиліліктер:

Қатысуға сұрау салуда Өтінім берушінің экономикалық көрсеткіштері туралы келесі ақпараттар болуы тиіс:

- Конкурс қатысушысының активтері 800,000,000,000 KZT кем емес (соңғы 3 жылға, жыл сайын);

- Табыс 900,000,000,000 KZT кем емес (соңғы 3 жылға, жыл сайын);

- Капитал 400,000,000,000 KZT кем емес (соңғы 3 жылға, жыл сайын);

- Оң таза табысының болуы (соңғы 3 жылға, жыл сайын).

Ақпарат өтінім беруші арқылы күні белгіленген және қол қойылған кесте түрінде ұсынылуы мүмкін.Тапсырыс беруші жылдық есептерді алмауды дұрыс көреді .

Тапсырыс беруші аудиторлық есептерді ұсынуды сұрау құқығын өзінде сақтайды. Формальдылықтар:

- Егер қатысуға өтінім консорциумнан түсетін болса, жоғарыда көрсетілген ақпарат консорциумның әр қатысушысына қатысты ұсынылуы тиіс.Жоғарыда көрсетілген біліктілік талаптар консорциум арқылы жиынтықта көрсетілуі тиіс.

- Егер өтінім үшінші тараптың экономикалық және қаржылық мүмкіндіктеріне (мысалы, бас компания) негізделсе:

- 3 тараудағы жоғарыда көрсетілген ақпаратты сондай-ақ осы үшінші тарап үшін де ұсыну керек;

III.3.1) Техникалық Ұсыныстар беру

Қатысушы аталған хабарландыруға қосымша болып табылатын, Техникалық Тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкес, техникалық ұсыныстар беруі тиіс.

III.3.2)  Қатысуға өтінімді алу мерзімі

29.11.2018 - 12:00 жергілікті уақытпен.

III.3.3)  Қатысуға өтінімді жасау тілі(тілдері)

 (i) қазақ немесе орыс; және (немесе) ағылшын

IV Тарау: Қосымша ақпарат

Конкурстық процестің 2-кезеңіне қатысуға біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру алынған материалдардың жалпы бағалауына негізделетін болады.

Егер әлеуетті жеке серіктес консорциум (жай серіктестік) болып табылса немесе қатысушының біліктілігі үшінші тараптың экономикалық және қаржылық әлеуетіне байланысты болса, құрамның өзгеруін немесе конкурс процедурасы кезінде (яғни шарт берілгенге дейін кез-келген уақытта) үшінші тараптың ауыстыруды/алып тастауды сұрайды, бұл Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімі болған кезде ғана орын алуы мүмкін. Құрамның өзгеруі, мысалы, егер ұйымның мүшелерінің бірі ұйымнан кетсе немесе ұйымның қандай да бір мүшесі басқа компаниямен ауыстырылса, жүреді.

Құрамға өзгеріс енгізу керек, керек емес екендігін бағалау кезінде, Тапсырыс беруші өзгерістің сипаты мен дәрежесін қарастырады. Атап айтқанда, егер құрамдағы өзгеріс біліктілікке дейін мәлім болса, қарау кезінде қатысушының білікті болғандығы, болмағандығына ерекше көңіл аударылады.

Конкурстық құжаттамада келісім шарт жасалғаннан кейін орын алатын, жоғарыда сипатталған ережелер болады.

Әлеуетті қатысушылардың сұрақтарына (болған жағдайда) жауаптар беріледі, олар жүктеледі (сілтеме бойынша).

Тапсырыс беруші, хабарламада талап етілетін барлық ақпарат болмаса, өтінімді қабылдамауы мүмкін. Өтінімді қабылдамау қаупі қатысушы үшін қауіп болып табылады.

Конкурс қатысушыларын іріктеу өлшемдерінен басқа, басқа сұрақтар бойынша қосымша ақпаратқа қатысты, жоғарыда көрсетілген ақпараттық құжатқа сілтеме жасалынады.

Аталған хабарландыруды жіберу күні:

29.08.2018