Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

1. «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 2018 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15:00-де Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа мынадай маршруттардың лоттары шығарылады:

Маршрут нөмірі

Маршруттың атауы

Қажет етілетін жылжымалы құрам

Шығу саны

Автобустар типі

1

426

Шамалған саяжайлары - Алматы1 т/ж вокзалы

15

шағын сыйымдылықтағы автобустар

402

Іле экспедициясы -Алтын орда базары

6

шағын сыйымдылықтағы автобустар

2

427

Шамалған саяжайлары -Сайран автовокзалы

5

шағын сыйымдылықтағы автобустар

429

Қаскелең қаласы Қарасай ауданы -Гагарин даңғылы

15

шағын сыйымдылықтағы автобустар

4

430

Тұрар саяжайлары- Сайран автовокзалы

5

шағын сыйымдылықтағы автобустар

428

Жандосов ауылы Қарасай ауданы -Гагарин даңғылы

20

шағын сыйымдылықтағы автобустар

5

444

Ұлан ауылы, Нұрбағи Қарасай ауданы - Төле би-Яссауи көшесі (айналма алаңы)

5

шағын сыйымдылықтағы автобустар

6

445

Қарасу Іле ауданы- Салем автовокзалы Алматы

5

шағын сыйымдылықтағы автобустар

7

446

Бесқайнар ауылы Талғар ауданы- Саяхат автовокзалы

5

шағын сыйымдылықтағы автобустар

8

447

Әйтей - Төле би-Яссауи көшесі айналма алаңы

5

шағын сыйымдылықтағы автобустар

9

440

Есік-Талғар – Саяхат автовокзалы

7

шағын сыйымдылықтағы автобустар

10

441

Алтын Орда базары – Еркен ауылы Іле ауданы

25

үлкен сыйымдылықтағы автобустар

3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 534 каб. мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2018 жылғы 12 қыркүйек сағат 18.00 дейін.

6. 2018 жылғы 5 қыркүйекте конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

7. Анықтама алу үшiн телефон: 264-13-24.