МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ АНЫҚТАУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ МЖӘ жекешелік әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізудің басталғаны туралы хабарлайды және конкурсқа қатысуға шақырады:

«Алматы қаласының көше-жол торабына ағымдағы жөндеу».

Жобада  жекешелік әріптестіктің Алматы қаласының КЖТ ағымдағы жөндеу бойынша  жұмыстарын жүргізу және қызмет көрсету қарастырылған. Конкурс 4 лотқа бөлінген: №1 – Медеу және Түрксіб аудандары; №2 – Алатау және Жетісу аудандары; №3 – Бостандық және Алмалы аудандары; №4 – Әуезов және Наурызбай аудандары

Қызмет саласы: көлік – автомобиль жолдары.

МЖӘ түрі: келісімшарттық МЖӘ.

Жобаның мерзімі: 2018 – 2022 жж.

Жекешелік серіктестіктің қызметі: МЖӘ келісімшартына сәйкес Алматы қаласының КЖТ ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарын жүргізу және қызмет көрсету.

Болжамды шығындарды өтеу және табыс табу көздері: Жекешелік әріптестіктің шығындарды өтеу және табыс табу көзі болып МЖӘ келісім шартына сәйкес орындалған жұмыстармен қызметтерге төленетін төлем болып табылады.

Конкурсқа ҚР Заңының 32-бабында көрсетілген «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» біліктіліктің және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Республика алаңы 4, 4 қабат, № 470 каб. Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.

Әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы «29» маусым 2018 ж. сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеу үшін құжаттар, желімделген конверттер, әлеуетті қатысушыларға қолма-қол көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу «9» шілде 2018 ж. сағат 14.30-да аталған мекенжай бойынша 5 қабат, № 535 каб. жүзеге асырылатын болады.

Толығырақ ақпаратты Басқармадан аталған мекенжай бойынша алуға болады, байланысатын тұлғалар: Тойбазаров А. 8(727)272-02-99, Серікбаев Е. 8(727)271-66-05.