«Алматықаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»КММ Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Метрополитен»коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос орнына конкурс жариялайды

«Алматықаласы Жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы»КММ

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Метрополитен»коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос орнына конкурс жариялайды, мекенжайы:

ҚР, 050000, Алматы қаласы, Алмалыауданы,

Панфилов көш., 84/54 үй, тел. 271-82-21.

 

Негізгі қызметті қысқаша сипаттау: Кәсіпорынның   мәнімен мақсаты метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту),  Алматықаласы метрополитенінде жолаушылар мен багажды тасымалдау,  метрополитенді пайдалану ұйымының функцияларын орындау,  құрылысты, техникалық қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған метрополитеннің басқа қызмет түрлерін ұйымдастыру болып табылады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

- тиісті мамандығы бойынша жоғары білімі және мемлекеттік басқару органы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейінің болуы;

- экономика саласында кәсіпорын профиліне сәйкес басқару лауазымдарында мамандығы бойынша кемінде 5 жылжұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3. өз еркімен жазылған өмірбаяны;

4. білімі туралынотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері;

5. нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

6. денсаулығы туралы анықтама (086/У үлгісі);

конкурс қатысушысыөзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілгені туралы құжаттарының көшірмелері, ғылыми жариялаулар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орны басшылығынан мінездеме) қосымша ақпарат бере алады.

Аталған құжаттар хабарлама жарияланған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішіндеАлматықаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына мына мекенжай бойыншаұсынылуы тиіс: Алматы қаласы,Республика алаңы, 4, 542кабинет.Анықтама телефоны: 271-67-13.