Барлық мемлекеттік органдарының қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелінген,  Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

min

maх

Д-О-4

83282

112430

 

"Алматы қаласы Жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 542-кабинет, анықтама үшін телефоны: 271-67-13, факс: 272-08-72, e-mail: O_transport@mail.ru, «Б» корпусындағы барлық мемлекеттік органдарының қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.

1.  Жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Жол инфраструктурасы нысандарының құрылысы жайында жеке тұлғалар мен ұйымдардың жүгінулерін қарастыру, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыстарын бақылау, орындалған жұмыс бойынша есеп беру; аналитикалық, ақпараттық материалдарды әзірлеу; мердігер ұйымдарының жұмыстарды орындау мерзімін бақылауда ұстау;  іс қағаздарын жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары  білімі. Қазақстан Республикасы заңнамасын білудің тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативті-құқықтық актілерді білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 2. Көлік инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы,   D-O-4 санаты (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Такси тәртібімен багажды және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындармен жұмысты үйлестіреді. Қоғамдық көлік орындарының аялдамаларын ұйымдастыру және жайластыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс жасайды және ақппарат алмасады; ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды; көлік инфрақұрылымы объектілерін дамыту бойынша бөлім жұмысын жобалайды; орындалған жұмыстар бойынша есеп жүргізеді. Азаматтар мен ұйымдардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарастырады және оларға жауап дайындайды, қажеттілік туындаған жағдайда аталған орынға барады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Қазақстан Республикасы заңнамасын білудің тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативті-құқықтық актілерді білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

тиісті нысандағы өтініш (қоса беріліп отыр);

персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша Басқармаға тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін несе дәйексіз мәлеметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Басқармаға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Басқарманың электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

______________________________

 

______________________________
                (мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені______________________________________________________________________

 

_______________________________________________________________________________

 

___________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________

      

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________

 

________________________________________________________________________________

 

 

____________________                                    ____________________________________

   (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

"___"_______________ 20 __ ж.