МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІ АНЫҚТАУ БОЙЫНША КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Алматы қаласының әкімдігі "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жекешелік әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізудің басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді конкурстық құжаттаманы, тұжырымдаманы және жобаның шартын талқылауға шақырады:

"Қоғамдық көлікті диспетчерлеу"

МЖӘ объектісі көзделеді:орталық диспетчерлік жүйесінің ғимараты және онда сақталып тұрған пайдаланушылық және телеметрикалық деректердің базалар сервері, сондай-ақ қоғамдық көлік мониторингін жүзеге асыру үшін жылжымалы бірліктердегі GPS-трекерлер.

Қызмет саласы:

- Көлік.

МЖӘ түрі : келісімшарттық МЖӘ.

Жобаның мерзімі: 2018 – 2022 жж.

Жеке серіктестің қызметі

- МЖӘ объектісінің мазмұны:

- МЖӘ объектісін пайдалану:

- Қоғамдық көліктің диспетчерлендіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

- Қоғамдық көліктің диспетчерлендіру жүйесін басқару.

Шығындарды өтеу және кірістерді алудың болжамды көздері:

- операциялық шығындардың өтемақысы;

- МЖӘ объектісін басқару үшін сыйақы.

Жоба бойынша ұсыныстар "12" қыркүйек 2017ж. дейінгі мерзімде қабылданады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының Заңының 32-бабында көрсетілген "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" біліктіліктің және жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қаласы, Республика алаңы 4,  5  қабат, № 536 кабинет.

Конкурстық құжаттама топтамасының көшірмесі тегін ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеу үшін құжаттар, желімделген конверттер, әлеуетті қатысушыларға қолма-қол көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

Әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы 2017 ж. "04" қыркүйек сағат 18.00-ге дейін  жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2017 жылы "12" қыркүйекте сағат 14.30-да мына мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады: Алматы қаласы, Республика алаңы 4,  5 қабат, № 536 кабинет.

Толығырақ ақпаратты "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ алуға болады, Алматы қаласы, Республика алаңы 4, байланысатын тұлға – 8(727) 262-20-49.